logo

Рыбакина Аустралиядағы турнирдің финалында жеңіске жетті

Рыбакина Аустралиядағы турнирдің финалында жеңіске жетті

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина аустралиялық Брисбенде өткен WTA 500 турнирінің финалында топ жарды, деп хабарлайды SPORT PLUS QAZAQSTAN.

Біздің спортшы екі сетте әлемнің алғашқы ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенконы жеңді. Матч 6:0, 6:3 есебімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 10 минут өткізді. Рыбакина финалдағы жеңісі үшін 220 мың доллар алса, ал Арина Соболенко 135 мың доллар табыс тапты.

Теннисшілер үшін бұл ойын өзара сегізінші болды. Әзірше кездесулер статистикасы Соболенконы пайдасында, ол Еленаны 5 рет жеңді, ал қазақстандық өз кезегінде Аринаны үш рет жеңді.



Күн шежіресі