logo

Роналдусыз Иранға сапар: «Персеполис» - «Әл-Наср» матчының тікелей эфирі

Роналдусыз Иранға сапар: «Персеполис» - «Әл-Наср» матчының тікелей эфирі

«Әл-Наср» АФК Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына шығуды қамтамасыз етіп, енді Иранның «Персеполис» командасына қонаққа барады. Қазіргі уақытта ирандық клуб плей-офф кезеңіне жақын, олар 9-орында тұр.

Сауд Аарабиялық клуб бұл матчқа өзінің басты жұлдызы Криштиану Роналдуны қосқан жоқ. Дегенмен, «Әл-Наср» сапында Садио Мане, Анхело, Аймерик Ляпорт және басқа да жұлдызды ойыншылар бар, олар нәтижеге әсер ете алады.

«Персеполис» Азия Чемпиондар лигасында жеңілгеннен кейін ішкі чемпионатта «Сирьянды» ұтып, бірақ кубокта «Сепаханға» есе жіберді.

«Персеполис» - «Әл-Наср» матчының басталу уақыты сағат 21:00–де. 

Тікелей эфирде кездесуді Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі