«Эюпспор» 92-минутта жеңісті уысынан шығарды (видео)

«Эюпспор» Түркия чемпионатының 24-тур аясында «Кайсериспор» командасымен өткен матчта ұпай жоғалтты.
Sport+ хабарлағандай, шешуші гол 92-минутта соғылды.
Алаң иелері есепті 56-минутта ашты, голдың авторы — Эмре Мор. Алайда матч соңында «Кайсериспор» жартылай қорғаушысы есепті теңестірді, гол Джозеф Аттаманың еншісінде.