Плей-оффқа соңғы мүмкіндік. «Пахтакор» - «Аль-Садд» матчының тікелей эфирі

Азия Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін «Пахтакорға» ең алдымен өз алаңында «Аль-Садд» командасын жеңу қажет.
Қатарлық клуб өзіне 1/8 финалға жолдаманы қамтамасыз еткен, алайда ташкенттіктерге тек бұл ойын ғана емес, сонымен қатар «Аль-Гарафа» «Аль-Ахлиден», «Персеполис» «Аль-Насрдан» және «Эстеглал» «Аль-Райяннан» жеңілуі қажет.
Қазір бәрі «Пахтакордың» қолында емес, бірақ кем дегенде жанкүйерлерінің алдында сәтсіз маусымды ақтап, абыроймен қоштасуға мүмкіндік бар. Ол үшін өз алаңында қатарлық команданы жеңу маңызды.
Өткен аптада «Пахтакор» сырт алаңда «Аль-Гарафадан» 1:0 есебімен жеңілді, ал «Аль-Садд» өз алаңында «Аль-Ахлиден» ұтылды. Алайда демалыс күндері ел чемпионатында «Умм-Салалды» жеңіп, аздап еңсесін тіктеді.
«Пахтакор» — «Аль-Садд» матчы 17 ақпан күні сағат 19:00–де басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.