«Әл-Наср» Криштиану Роналдуды өтінімнен шығарды

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы сапында Азия чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің сегізінші турындағы ирандық «Персеполиске» қарсы матчты өткізіп алады, деп хабарлайды Sport+.
All about Saudi басылымының мәліметінше, команданың бас бапкері Стефано Пиоли бұл шешімді АФК чемпиондар лигасындағы легионерлерге қойылатын лимитке байланысты қабылдаған. Ережеге сәйкес, матч өтініміне тек бес шетелдік ойыншы кіре алады. Осыған байланысты Пиоли бұл турнирлік маңызы аса жоғары емес кездесуде негізгі ойыншыларға демалыс беруді ұйғарған.
Ағымдағы маусымда Роналду клуб деңгейінде 27 матч өткізіп, 24 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Transfermarkt.com порталының мәліметінше, оның трансферлік құны 12 миллион еуро деп бағалануда.