logo

Роналдудан вирустық инфекция анықталды

Роналдудан вирустық инфекция анықталды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасы аясындағы «Әл-Шортаға» қарсы ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дереккөздің айтуынша, 39 жастағы шабуылшының денсаулығы нашарлаған. Медициналық тексеру нәтижесінде португалдық футболшыдан вирустық инфекция анықталды. «Әл-Наср» дәрігері ойыншыға емдеу курсын жазып берді. Криштиану алдағы матчқа қатыспайды.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Эр-Рияд клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның «Әл-Насрмен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған.

Биылғы маусымда футболшы клуб сапында ел чемпионатында 3 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.