Роман Абрамович испаниялық клубты сатып алуы мүмкін
Ағылшындық «Челси» футбол клубының бұрынғы иесі Роман Абрамович жаңа футбол командасын сатып ала алуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
AS мәліметінше, кәсіпкер «Валенсияны» сатып алуға мүдделі. Испандық команданың жанкүйерлері болса, меншік иесінің өзгеруімен клубтың жағдайы айтарлықтай жақсарады деп үміттенеді.
Естеріңізге сала кетейік, Роман Абрамович 2003 жылы «Челсидің» иесі атанған еді. 2022 жылы ресейлік олигархтарға қарсы санкциялардан кейін кәсіпкер ағылшын клубын сату туралы шешім қабылдады.
Абрамовичтің дәуірінде «Челси» 19 жылда бес рет Англия чемпионы атанып, бес рет Англия кубогын, үш рет Лига кубогын, екі рет Англия Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа лигасында екі рет жеңіске жетті, бір рет УЕФА Суперкубогының иегері болды және бір рет клубтық әлем чемпионатында жеңіске жетті.
«Валенсия» 27 матчта 40 ұпай жинап Испания чемпионатында сегізінші орында келеді.