logo

Месси мен Роналдудың қайсысы үздік?

Месси мен Роналдудың қайсысы үздік?

Леверкузеннің «Байер» клубының бас бапкері Хаби Алонсо аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду арасында үздігін атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Испаниялық маманның сөзіне қарағанда, екі футболшы да мықты, дегенмен ол Роналдуға басымдық береді.

Месси мен Роналду – ұлы футболшылар. Бірақ мен үшін Криштиану – үздік, - деді Алонсо.

Айта кетейік, Алонсо кезінде Роналдумен бірге Мадридтің «Реалында» ойнаған. Қазір португалиялық Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды. Ал Месси 2023 жылғы жаздан бері «Интер Майамидің» намысын қорғайды.



Күн шежіресі