«Челси» тізгінін ұстауы мүмкін бапкерлер анықталды
«Челси» клубы бас бапкер Маурисио Почеттиноның орнын басуы мүмкін маманды атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Почеттино кеткен жағдайда, ағылшын клубы «Спортинг» бапкері Рубен Аморимаға немесе «Брайтонта» жұмыс істейтін Роберто Де Дзербиге ұсыныс жасамақ.
Лондон клубының басшылығы бапкерге қатысты нақты шешімді маусым соңында қабылдайды. Айта кетейік, Почеттино «Челсидің» тізгінін былтыр жазда ұстады.
26 турдан кейін клуб АПЛ-да 36 ұпаймен 11-орында тұр.
Бұған дейін клуб басшылары Почеттиноның орнына маман іздеп жатқаны туралы айтылған.