Резников реваншқа дайындығы туралы: Функционалдық мүмкіндіктерге көп жұмыс жасадым

Қазақстандық жекпе-жек шебері Артем Резников АСА 183 турнирінде Юсуф Раисовпен болатын реванш алдындағы дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Дайындығым жақсы деңгейде. Барлығы жоспар бойынша өтуде, шүкір. Жағдайым жақсы, салмағым – 84 келі. Жекпе-жек 78 келіде өтеді. Негізі 77, бірақ АСА-да 1 келіге рұқсат бар. Яғни, салмақ тастау қажет емес. Бұрын 70 келіде төбелескен кезімде де 84 келі сирек болған. Қазір функционалдық мүмкіндіктерге өте көп жұмыс жасадым. Осыған байланысты салмағым да төмендеді. Мақсат – 5 раундты бір қарқында өткізу», – деп Резниковтың сөзін АСА келтіреді.
Резников пен Раисов арасындағы реванш 2024 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс еді, бірақ Артемнің сырқатына байланысты жекпе-жек ақпан айындағы турнирге ауыстырылды.