logo

Мақсат Есболат: ММА-да оңай болса, футболшылардың бәрі осы спортта жүрер еді

Мақсат Есболат: ММА-да оңай болса, футболшылардың бәрі осы спортта жүрер еді

Қазақстандық файтер Мақсат Есболат Sport+ сайтына берген сұхбатында ALASH PRIDE FC турнирінде өзбекстандық Хусанбой Атабаевқа қарсы өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты ойларымен бөлісті.

— Мақсат, дайындық қалай өтіп жатыр?

— Дайындық жақсы, бәрі ойдағыдай.  

— Қарсылас туралы не айтасыз?

— Тәжірибелі, жақсы жігіт. Артық әңгімесі жоқ. Жалпы, өздері тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін.  

— Хусанбой соңғы 5 жекпе-жегінде жеңіліс тапқан екен. Алдағы жекпе-жек сіз үшін оңай серуен болмақ па?

— Тәжірибенің аты — тәжірибе. Бұл спортта «оңай» деген нәрсе жоқ. Оңай болса, футболшылардың бәрі осы спортта жүрер еді.  

— Сіз үшін Атабаевты мерзімінен бұрын жеңу қаншалықты маңызды?

— Мен үшін ең бастысы — жеңіс.  

— Жекпе-жек Арысқа жақын орналасқан Шымкент қаласында өтеді. Сізді қолдауға кімдер келеді?

— Арыстың бір баласы атқа қонса, бүкіл Арыстықтар тақым қысып отырады. Аренаны Арыстықтар жаулайды, оған еш күмән болмасын.  

— Жекпе-жектен кейінгі жоспарыңыз қандай?

— Оны жекпе-жектен кейін айтамын!

Айта кетейік, ALASH PRIDE FC турнирлерін тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан көре аласыздар. 



Күн шежіресі