logo

Ресейлік сарапшылар Черчесовтың болашағы туралы айтты

Ресейлік сарапшылар Черчесовтың болашағы туралы айтты

Қазақстанның футбол құрамасы Ұлттар лигасында үш матч өткізіп, бірде-бір гол соға алған жоқ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы ойында Норвегиямен тең ойнаса (0:0), қалған екі матчта қақпамызға жауапсыз жеті гол кірді. 

Мұнан кейін қоғамда бас бапкер Станислав Черчесовтың отставкасы туралы айтыла бастады. 

Десе де, ресейлік маманның біраз жерлесі Қазақстанның сәтсіздігіне бас бапкердің еш кінәсі жоқ деп есептейді. Ал, Черчесов өте білікті маман көрінеді. Мәселен, белгілі спорт комментаторы Дмитрий Губерниевтің пікірінше, бапкердің тағайындалғанына аз ғана уақыт болған, ал нәтиже көрсету үшін тағы біршама уақыт керек.

«Черчесов үшін қазір өте қиын жағдай және мен оны бұл сәтте қолдаймын. Тағайындалғанына өте аз уақыт өтті. Оның командасының жақсы нәтиже көрсетуіне тек бапкерлік шеберлік қана емес, сәттілік те серік болуы керек. Мен оған осы сәттілікті тілеймін. Черчесов – жақсы бапкер. Оның командасы тезірек есін жиып, Саламовичте бәрі жақсы болады деген үміттемін. Оған қазір жан-жақтан болып жатқан соққыны ұстай білу керек, барлық қиындықтан өтуі тиіс», - деп жазды Губерниев өзінің Telegram-парақшасында.

Ал, мәскеулік «Локомотив» клубының бұрынғы президенті Николай Наумов болса Қазақстан құрамасының бұл масумыда жеңістерге жетеріне күмәнмен қарайды.