«Реал Мадрид» Испания Кубогының жартылай финалына шықты (видео)

Испания Кубогының ширек финалында «Леганес» мадридтік «Реалды» қабылдады, деп хабарлайды Sport+
«Реал» Лука Модрич пен Эндриктің голдарының арқасында есепте алға шықты, бірақ Хуан Круз дубльінің арқасында алаң қожайындары есепті теңестірді.
«Реал Мадридтің» жеңісін матчтың соңғы минутында гол соққан жас Гонсало Гарсия алып келді.