logo

«Реал» Баск еліне аттанады. «Реал Сосьедад» - «Реал Мадрид» матчының тікелей эфирі

«Реал» Баск еліне аттанады. «Реал Сосьедад» - «Реал Мадрид» матчының тікелей эфирі

«Реал Мадрид» Испания Кубогының жартылай финалының бірінші матчында Сан-Себастьянда «Реал Сосьедадқа» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sport+.  

Екі команда да тамаша формада. Карло Анчелоттидің шәкірттері соңғы 6 матчта жеңіліс көрмеді. Осы аралықта олар Чемпиондар Лигасынан «Манчестер Ситиді» жарыстан шығарып, Ла Лигада «Барселонамен» бірге 1-орынды бөлісіп тұр.  

Сонымен қатар, Джуд Беллингем алаңға шығуға асық. Ол дисквалификацияға байланысты чемпионатта ойнай алмағандықтан, Испания Кубогында өз мүмкіндігін пайдаланғысы келеді.  

«Реал Сосьедад» та соңғы уақытта сенімді ойын көрсетуде. Олар соңғы 6 матчтың 5-інде жеңіске жетті.  

Алайда, жартылай финалдық матч алдында «Реал Сосьедад» маңызды ойыншыларынан айырылды. Орталық қорғаушы Хон Пачеко, Амари Траоре және Лука Сучич жарақат алған. Соңғы турда аяғындағы ауырсынуға шағымданған Арсен Захарянның қатысуы белгісіз, сондай-ақ орталық қорғаушы Найеф Агер де алаңға шығуы екіталай.  

Биылғы маусымда екі команда Ла Лига аясында Сан-Себастьянда кездескен болатын. Сол матчта «Реал Мадрид» 2:0 есебімен жеңіске жетті.  

Жаңа кездесу 26-нан 27 ақпанға қараған түні сағат 01:30-да өтеді. Матч тікелей эфирде Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.