logo

Рауан Бекболат қытайлық У Зымен жекпе-жек туралы: Қытай елі Димашты сүйгендей, менің де жекпе-жегімді сүйіп қалар

Рауан Бекболат қытайлық У Зымен жекпе-жек туралы: Қытай елі Димашты сүйгендей, менің де жекпе-жегімді сүйіп қалар

Қазақстандық жауынгер Рауан Бекболат Қытай спортшысы У Зымен жекпе-жекке қатысты сұрақтарға баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

- Барлығын уақыт көрсетеді, бірақ мен Қатай елін өзімнің жекпе-жегімен тәнті қыламын. Димашты (Құдайбергенов – автор.) сүйгендей, менің де жекпе-жегімді сүйіп қалар. Қытай елінің қонақжайлығы өте ұнады. Тамақтары халал және күтіп алуы жақсы болса, бұл лиганы қазақтар жаулайды Құдай қаласа. Барлық қарсыластарға бірдей дайындаламын. Қандай жағдай болмасын – партер немесе тұрып жұдырықтасу – мен дайынмын. Біз, қазақтар, жаудан қашпаған елміз. «Жау қайда?» деген елміз. Біздің командамызда адам көп, атап өтсек: Ержан, Мұқағали, Рүстем сияқты әр лиганың чемпиондары бар. Біздің жігіттердің 2-3 әрі қарай Гран приға өтуге тырысады.

Alash Pride лигасының 61 кг салмақтағы чемпионы Рауан Бекболат 20-шы қаңтар күні Қытайда өтетін JCK 79 турнирінің Гран при жарысының алғашқы айналымында қытай спортшысымен жұдырықтасады.