logo

Рамазан Оразов мансабын Данияда жалғастырады

Рамазан Оразов мансабын Данияда жалғастырады

«Ақтөбе» футбол клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов енді Дания чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осыған дейін даниялық «Орхус» клубы Оразовқа қызығушылық танытып жүргені белгілі болған еді. Даниялық команда оны 2022 жылдан бері бақылап келеді.

Айта кетейік, Рамазан – 2018 және 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы қазіргі құны – 450 мың еуро.



Күн шежіресі