logo

Нұрдәулетов «Мақтарал» мен «Жетісудің» ойынындағы айырмашылық туралы

Нұрдәулетов «Мақтарал» мен «Жетісудің» ойынындағы айырмашылық туралы

«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Соққы және гол» YouTube-жобасында «Мақтарал» мен «Жетісудің» ойын өрнегін салыстырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мақтаралда» қойған футбол қарапайым болды, себебі біздер қарамағымызда болған футболшылардың деңгейіне қарадық. Бұл командада біз тек алға ойнауды сұрадық, яғни вертикалды футбол болды. Алдыңғы шепте ойнайтын Тоқтар Жаңғылышбай, Рамазан Кәрімов және Жан-Әли Пайруз жеке шеберлігінің арқасында қойылған футбол болды. Ал «Жетісуда» қазір Серікжан Мужиков, Данияр Үсенов және қапталда Асхат Балтабеков сынды шебер ойыншылар бар. Бұл футболшылар комбинациялық ойын үйлестіре алады және ойынның қарқынын түсінеді. Сол себепті қазір біздің ойын аралас: арасында вертикалды футбол, қарсылас мүмкіндік беріп жатса, комбинациялық ойын көрсетуге тырысамыз», - деді 41-жасар маман.



Күн шежіресі