logo

Рафаэль Варан 31 жасында мансабын аяқтады

Рафаэль Варан 31 жасында мансабын аяқтады

Франция құрамасы мен итальяндық «Комо» клубының қорғаушысы Рафаэль Варан 31 жасында футболдағы мансабын аяқтауды шешті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Варан 2024 жылдың шілдесінде еркін агент ретінде итальяндық «Комо» клубына ауысқан болатын. Ол клуб сапында Италия Кубогында бір матч өткізіп, ауыр жарақат алып, ұзақ мерзімге қатардан шықты. Осыған байланысты клуб оны Серия А маусымына қатысатын тізімнен шығарды.

Жарақатына байланысты Варан футболдан кетуді шешті.

Рафаэль Варан бұған дейін мадридтік «Реал» және «Манчестер Юнайтед» клубтарында ойнаған. Ол 2018 жылы Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған.



Күн шежіресі