logo

«Қызылжар» Қазақстан Кубогының 1/8 финалында қарсыласын жеңді

«Қызылжар» Қазақстан Кубогының 1/8 финалында қарсыласын жеңді

Футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалында шымкенттік «Оңтүстік» өз алаңында петропавлдық «Қызылжармен» кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл қарсыласудың айқын фавориті Премьер-лига клубы болған еді, алайда бірінші таймның алғашқы минуттарында Екінші лига командасының шабуылшысы Дияс Доңбай керемет голмен көзге түсті.

Ойынның екінші таймында қонақтар екі рет гол соға алды - Мәди Хасейн мен Рубен Бриджидо қанжығаларын майлады.

Қорытынды есеп 2:1 — петропавлдық ұжым ел кубогының ¼ финалына жолдама алған команда атанды.

«Оңтүстік» — «Қызылжар» 1: 2 (1: 0)

Голдар: Донбай 27 (1:0), Хасейн 69 (1:1), Бриджидо 71 (1:2).



Күн шежіресі