logo

Құраманы тегін жаттықтыруға дайынмын: Талғат Байсуфинов

Құраманы тегін жаттықтыруға дайынмын: Талғат Байсуфинов

Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңілгеннен кейін жанкүйерлер тарапынан бас бапкерді отставкаға жіберу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осы сәтте ұлттық құраманың экс-бапкері болған Талғат Байсуфинов ерекше мәлімдеме жасап отыр.

Отандық маман ұлттық құрама тізгінін ұстап отырған ресейлік бапкердің орнын басуға қарсы емес. Және бұл жұмысы үшін ол бір тиын да ақша алмайтынын айтып отыр.

«Құраманы тегін жаттықтыруға дайынмын», - деді Талғат Байсуфинов.

Қазір ұлттық құрама шынында да қиын жағдайда тұр. Ресейлік Станислав Черчесов баптайтын команда Ұлттар лигасында үш жеңіліс және бір тең ойынмен кесте соңынды келеді. Одан бөлек, жігіттер төрт матчта бір де бір гол соққан жоқ.

Ал, осы жұмысы үшін Станислав Черчесов жылына 1,2 млн еуро жалақы алады дейді саясаттанушы Ербол Еділов.

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасын 2016-2022 жылдар аралығында жаттықтырған.