Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы велотректен Азия чемпионатында топ жарды
Филиппиннің Тагайтай қаласында ересектер мен жасөспірімдер арасында велотректен Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күні командалық із кесу сайысында жасөспірім аруларымыз үздік нәтиже көрсетті.
1) Қазақстан (Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Анель Ташбай, Алия Бакаева)
2) Тайпей
3) Өзбекстан
Айта кетейік, құрлықтық біріншілікке 19 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Азия чемпионаты 31 наурызда аяқталады.