logo

Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды

Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар есімін жариялады. Франция астанасында еліміздің намысын екі шабандоз қорғайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Олар – Евгений Федоров пен Алексей Луценко. Қазақстан құрамасының аға жаттықтыушысы Даниил Фоминыхтың айтуынша, екі спортшы қазір Astana Kazakhstan Team велокомандасы сапында ірі жарыстарға қатысуда.

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы еншісінде үш лицензия бар. Үшеуі де жекелеген спортшыларға емес, командаға  берілді. Париж ойындарына квота 2023 жылғы маусымдағы құрама нәтижесіне қарай бөлінді.

UCI әлемдік рейтингі бойынша Қазақстан командасы 3660.24 ұпаймен 19-орыннан көрінген. Бір квота жекелей жарысқа, екі квота топтық жарысқа беріліп отыр.

Бір қызығы, Парижге аттанатын екі велоспортшымыз да андерлер арасында әлем чемпионы атанған. Алексей Луценко 2012 жылы топ жарса, Евгений Федоров араға он жыл салып, 2022 жылы алтын медаль жеңіп алды.