logo

Алексей Луценко «Астананы» Италиядағы біркүндік веложарыста бастап шығады

Алексей Луценко «Астананы» Италиядағы біркүндік веложарыста бастап шығады

«Астана» велокомандасы 2024 жылдың 8 қазанында Италияда өтетін «Тре Валли Варезине» біркүндік веложарысына құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшысы ретінде бұл жарыста қазақстандық Алексей Луценко өнер көрсетеді. Сонымен қатар, құрамға Самуэле Баттистелла, Альберто Беттиоль, Микеле Гадзоли, Хенок Мулюбырхан, Кристиан Скарони және Лоренцо Фортунато кіреді. Жарыстағы спорттық директор Стефано Занини болады.

31 жасар Луценко үшін бұл маусым «Астана» сапындағы соңғысы, себебі 2025 жылдан бастап ол Israel — Premier Tech командасында өнер көрсетеді.



Күн шежіресі