Юлия Путинцева Брисбенде үшінші айналымға өтті
Әлемнің 29-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Жарыстың 15-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған Ю.Путинцева әлемнің 67-ракеткасы, америкалық Маккартни Кесслердің мысын басты. Бірінші партияда 6:2 есебі тіркелсе, екінші сетті де Путинцева жеңіспен түйіндеді – 7:5. Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Юлия 3 эйске қоса 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Эйс жасамаған Кесслер 2 брейк-пойнттан да ештеңе шығара алмады.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко немесе рейтингіде 75-сатыдағы мексикалық Рената Сарасуаның қай жеңгенімен таласады. Брисбенде 29 желтоқсанда басталған дода 5 қаңтарда мәресіне жетеді.
2024 жылы Брисбенде финалда А.Соболенконы ұтқан қазақстандық Елена Рыбакина жеңімпаз атанса, Ю.Путинцева қатыспаған еді. Путинцева WTA live рейтингісінде 26-орынға көтеріліп тұр. Осы орнын сақтап қалса, бұл оның әлемдік рейтингідегі рекордтық көрсеткіші болмақ.