logo

Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында жауапсыз 24 шайба соқты

Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында жауапсыз 24 шайба соқты

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының төртінші кезеңінде Гонконг қақпасына жауапсыз 24 шайба лақтырып, қарсыласын талқандады, деп хабарлайды Sport+.

Екінші жартылай финалист Оңтүстік Корея құрамасы болды, олар Қырғызстанды жеңді. Қалған жартылай финалистер Жапония-Таиланд және Қытай-Қытай Тайбэй ойындарының нәтижесі бойынша анықталады.

Қазақстан құрамасында шайбаларды: Адиль Бекетаев (2), Самат Данияр (2), Евгений Рымарев (3), Роман Старченко (3), Кирилл Панюков (3), Кирилл Савицкий (2), Темірлан Гайтамиров, Руслан Оспанов (2), Вячеслав Колесников (2), Данил Бутенко және Дмитрий Грентц (3).



Күн шежіресі