Қазақстандық жеңіл атлет ереже бұзып жарыстан шеттетілді
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында ереже бұзғаны үшін (уақытынан бұрын бастап кету) жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол бүгін 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысынан жұбаныш кезеңінде сынға түсуі керек болған. Алайда, фальстарт (уақытынан бұрын бастап кету) жасап, дисквалификация алып қалды. Осылайша жартылай финалдық кезеңнен тыс қалды.
Айта кетейік, бүгін 7 тамызға қараған түні тағы бір жеңіл атлетіміз Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің финалдық кезеңінде сынға түседі.