logo

Париж-2024: Таеквондошылардың алғашқы қарсыласы анықталды

Париж-2024: Таеквондошылардың алғашқы қарсыласы анықталды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын қазақ таеквондошыларының алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Атап айтсақ, 58 келі салмақта Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда Вито Делль'аквиламен (Италия) кім мықтыны анықтайды. Самирхон – G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы.

Жеке бапкері – Нұрсұлтан Мамаев. Вито – осы салмақта Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, Гран-при турнирлерінің чемпионы.

80 келі салмақта ел намысын қорғайтын Батырхан Төлеуғали Мали спортшысы Исмаэль Кулибалимен сынға түседі. Қарсыласы – әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали Қазақстаннан Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған ең жас спортшының бірі. Ол биыл 18 жасқа енді толып отыр.