Қазақстандық жас футболшы Өзбекстан кубогын жеңген үшін жаңа көлік иесі атанды
Футболдан Өзбекстан кубогының финалдық матчында «Андижан» намангандық «Навбахор» командасын экстра-таймдардан кейін 3:2 есебімен (негізгі уақыт — 1:1) жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өзбекстан Кубогының жаңа иегерлерінің қазақстандық жартылай қорғаушысы Абинұр Нұрымбет финалға негізгі тізімге түсті, бірақ алаңға шықпады. Нұрымбеттің есебінде «Андижан» құрамында барлық турнирлерде үш матч бар.
«Навбахор» — «Андижан» — 2: 3, негізгі уақытта — 1: 1
Голдар: Аброрбек Исмоилов 53, Исламбек Маматказин 120 (автогол) — Мухаммедкарим Тоиров 82, Исламбек Маматказин 116, Владимир Бубаня 120 + 3
Айта кететіні, «Андижан» клубының басшылығы аталмыш турнирде жеңіс үшін әр футболшыға көлік сыйлауды уәде еткен.