Қазақстандық төрешілер Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі матчты қазылық етеді
Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі ЛАСК (Австрия) – «Юргорден» (Швеция) матчының қазылығына тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Төрешілер бригадасын Булат Сариев басқарады, оған Денис Лабашов пен Юрий Тихонюк көмектеседі, ал төртінші төреші ретінде Айдын Тасыбаев тағайындалды. VAR жүйесінде ассистенттің көмекшісі ретінде Данияр Сахи болады.
Ойын 4 қазанда Линц қаласындағы «Оберостеррайх Арена» стадионында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша түнгі 00:00-де басталады.