Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Sport +.
Қазақстандық теннисші беларусьтік Юлия Хатукамен бірге жартылай финалда испаниялық Андреа Лазаро Гарсия — франциялық Ясмин Мансуримен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-беларусьтық жұп 7:5 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте қос брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:2.
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Құламбаева – Хатука 5 брейкпен көзге түсті. Испаниялық-франциялық дуэт 2 брейктен аса алмады.
Жібек Құламбаева – Юлия Хатуканың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.