logo

Қазақстандық киберспортшылар халықаралық турнирде медаль жеңіп алды

Қазақстандық киберспортшылар халықаралық турнирде медаль жеңіп алды

Қазақстанның киберспорт құрамасы 2026 жылдың наурыз айының соңында Үндістанның Мумбаи қаласында өткен Global Esports Games халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+. 

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жоғары деңгейдегі ойын өрнегін, командалық үйлесімділікті және әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп, күміс медаль жеңіп алып, 2-орынға ие болды.

Атап айтқанда, GEG 2025 аясында Clash Royale дисциплинасы бойынша турнир финалисі болған Мирас Кусаинов ерекше құрметке лайық.

Құраманың бұл жетістігі қазақстандық киберспорт үшін маңызды белес болып, ойыншылардың халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Команда жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс білдіріп, келесі турнирге бұдан да мықты болып оралуға ниетті екенін атап өтті.



Күн шежіресі