logo

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің топ-10-на жақындады

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің топ-10-на жақындады

Грузия астанасы Тбилисиде өткен дзюдодан Grand Slam турниріндегі жеңісінен соң қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

60 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Тбилисидегі жеңісі үшін 1000 ұпай еншіледі. Нәтижесінде, қазақстандық спортшы 20-орыннан 15-орынға көтерілді. 

Айта кетелік, Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтетін Grand Slam турнирінде де бақ сынайды.