Дзюдошы Серікбаев Тбилисидегі жарыстың финалына шығу үшін күреседі
Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam сериясы турнирінің жартылай финалисті атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шықты. Ширек финалда Серікбаев Украиналық спортшы Дильшот Халматовты жеңді.
Финалға шығу үшін ол Әзірбайжандық дзюдошы Алабай Агаевты жеңу тиіс.
Әйелдер арасындағы жарыста Ғалия Тыңбаева жартылай финалда жеңіліп, 48 келіге дейінгі салмақта «қола» үшін күреседі.