logo

Қазақстандық дзюдошы Грузиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Грузиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Тбилисиде (Грузия) Grand Slam сериясындағы дзюдо турнирі басталды. Жарыстың жартылай финалына қазақстандық Ғалия Тыңбаева шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Турнир аясында Тыңбаева ресейлік Алина Сергеева, француз Мелани Клемент, бразилиялық Аманда Лимадан басым болды.

Финалға шығу үшін Ғалия Оңтүстік Кореялық Хекен Лимен күреседі.