logo

Астанада жаңа дзюдо орталығы ашылды

Астанада жаңа дзюдо орталығы ашылды

Елорданың Нұра ауданында «Kodokan Spirit» атты көп функционалды спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұқаралық спортты дамыту және жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында Қазақстанда екінші «Kodokan Spirit» көп функциональды спорт кешені іске қосылды

Бұған дейін алғашқы орталық 2021 жылы Орал қаласында ашылған болатын.

Аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын ғимаратта бір мезетте 1000-ға жуық жас спортшы дзюдомен айналыса алады. Зал 180 орындықпен, олимпиадалық сапалы жапон татами төсеніштерімен, заманауи желдету және жарықтандырумен жабдықталған.

Сондай-ақ спорт кешенінде топтық сабақтарға арналған екі шағын бөлме, ата-аналарға арналған ыңғайлы күту алаңы және атақты Oneshott брендінің кофеханасы бар.



Күн шежіресі