Қазақстандағы қақпашылар мектебінің басты ерекшелігі аталды

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ирина Саратовцева Sport+ телеарнасындағы «Футбол Плюс» бағдарламасында Қазақстандағы қақпашылар мектебінің басты ерекшелігін атап өтті.
«Біздің мектеп — өте қатал, талапшыл және аяусыз. Мүмкін бұл полей ойыншыларына да қатысты шығар, бірақ қақпашылар үшін әр жаттығу оңай өткен жоқ. Өзімді есіме түсірсем, мен кәсіби футболға 17 жасымда келдім, бірақ бапкер маған 30 жастағы ойыншылармен бірдей қарады, ешқандай аяушылық болған жоқ. Қақпашыларда әрқашан үш сағаттық жаттығу болатын».
Бағдарламаның толық нұсқасын төменнен көре аласыз.