logo

Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері тағайындалды

Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы еліміздің жастар және жасөспірімдер құрамаларына аға жаттықтырушылар тағайындалғанын хабарлайды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

• Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға жаттықтырушысы болып Владимир Чебурин тағайындалды.
• Қазақстан жасөспірімдер құрамасын (U-19) Сергей Лабодовский тізгіндеді.
• Қазақстан қыздар жасөспірімдер құрамасының (WU-19) аға жаттықтырушысы болып Ксения Постовая бекітілді.

ҚФФ Техникалық дамыту комитетінде мамандардың кандидатурасы қаралып, белгіленген тәртіппен бекітілді.

Биыл Қазақстан жастар құрамасы Владимир Чебуриннің жетекшілігімен 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойындарын жалғастырады. Команда өз алаңында Словакия және Ирландия құрамаларына қарсы, сырт алаңда Англия, Ирландия және Молдоваға қарсы матчтар өткізеді.

U-19 жасөспірімдер құрамасы Сергей Лабодовскийдің басшылығымен наурызда 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундына қатысады. Қарсыластар — Румыния (турнир қожайыны), Украина және Солтүстік Ирландия құрамалары.

Қазақстан қыздар жасөспірімдер құрамасы сәуірде WU-19 Ксения Постоваяның жетекшілігімен 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің  «В» лигасында бақ сынайды. Қарсыластары — Мальта (турнир қожайыны), Болгария және Израиль.

Қазақстан футбол федерациясы мамандарға халықаралық аренадағы еңбегіне табыс, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.



Күн шежіресі