Қазақстан U21 құрамасының аға бапкері тағайындалды
60 жастағы қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жастар құрамасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Владимир Чебурин «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарында, сондай-ақ Литваның «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында жұмыс істеген.
«Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге алты мәрте ел чемпионы атанып, үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубогын жеңіп алған. Сонымен қатар Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері деп танылған.