Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңілді
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Швецияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Қарсыласымыз әлемде тәжірибелі құрамалардың қатарында саналады. Қазірге дейін 1981, 2012 жылдарда чемпион атанса, оған қоса бірнеше мәрте күміс және қола медаль алды.
Кездесу барысында швециялық хоккейшілер бірінші кезеңде бес шайба соғып үлгерді. Ал екінші кезеңде олар тағы бір шайба соқса, оған қазақстандық Артур Гросс 37-минутта бір голмен жауап берді.
Үшінші кезеңде швециялық хоккейшілер тағы екі мәрте мергендік танытты. Осылайша қазақстандық жастар қарсыласына 1:8 есебімен жеңіліп қалды.
Дүбірлі дода 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канада астанасы Оттава қаласында өтеді.
Қазақстандық хоккейшілер B тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия құрамаларымен сынға түседі.
Енді қазақстандық хоккейшілер бүгін, қазақстандық уақытпен 23:00-де Чехиямен шеберлік байқасса, одан кейін 30 желтоқсанда Словакия, 31 желтоқсанда Швейцариямен ойнайды.