«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Магнитогорскіде «Металлург» командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды Sport+ Kazinform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
«Металлург» Шығыс конференциясында 5-орында тұрса, қазақстандық клуб 11-сатыда еді.
Жергілікті команда құрамында Владислав Ерёменко мен Александр Петунин мергендік танытып, «Металлург» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
«Барыс» осымен қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты.
Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері 1 желтоқсанда Мәскеуде ЦСКА командасымен ойнайды. Содан кейін Астанаға оралады.