logo

«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды

«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды

Қорғаушы Никита Камалов маусымды «Барыс» құрамында бастағанымен, енді мансабын Магнитогорлық «Металлургте» жалғастырады, деп хабарлайды Sport+ «ҚХЛ Трансферлері» арнасына сілтеме жасап.

Ресейлік ойыншының жаңа келісімшарты маусымның соңына дейін есептелген.

Жақында Камалов пен «Барыс» арасындағы келісімшарттың бұзылғаны белгілі болды. Енді ол Гагарин Кубогының қазіргі иегері саналатын командаға қосылады.

«Металлург» сапында Қазақстан құрамасының екі өкілі – қорғаушы Валерий Орехов пен шабуылшы Никита Михайлис ойнайды.