Мұхаммеджан Сейсен «Ордабасыдағы» болашағы туралы: Шешімді клуб басшылары қабылдайды
Қазақстан ұлттық құрамасының және шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Sport Plus Qazaqstan команданың Түркия алаңдарындағы дайындығы және өзінің болашағы туралы айтып берді.
- Команданың тактикасы жағынан айта алмаймын, себебі бұл - құпия. Қазір бәрін айтып берсем, қарсыластар біліп қояды. Менің «Ордабасыда» қалатыным, не қалмайтыным қәзіргі уақытта шешіліп жатыр. Жалпы бірнеше командадан ұсыныс бар, бәрін уақыт көрсетер. Қорытынды шешімді клуб басшылары қабылдайды, - деді 24-жасар қақпашы.
Айта кететіні, «Ордабасыға» хорват қақпашысы Карло Сентич келгеннен кейін, Сейсен команда сапынан кетуі мүмкін деген ақпарат пайда болды.