Қазақстан U19 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің А лигасында бақ сынайды

Қазақстан U19 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің А лигасында бақ сынайды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының 6-тобында жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Топтық кезең матчтары Грекияның Салоники қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 3 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Екінші турда 6 маусымда Сербиямен кездессе, соңғы ойында 9 маусымда алаң иелері Грекия құрамасымен ойнайды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Камиль Гайнуллин, Данила Буч (екеуі де — «Қайрат»).

Қорғаушылар: Санат Нұрболат, Райымбек Кеңесбеков, Абдулазиз Мамедов, Алан Аракельянц, Әкежан Қалиқұлов (бәрі — «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Данил Соболев, Хасен Артурұлы (екеуі де — «Тараз»), Әлихан Жексенбек («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев, Даниял Назаров, (екеуі де — «Шахтер»), Төре Исмағұлов, Аламгир Смақов, Әлиден Мұсайыпов, Евгений Петрик, (бәрі — «Қайрат»), Арафат Молдағалиев («Тұран»).

Шабуылшылар: Абылай Төлеухан, Исмаил Бекболат, Дәулет Орынбасар, Ермұхаммад Керімхан (бәрі — «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Дінмұхамед Махмұдов («Оңтүстік Академиясы»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).



Күн шежіресі