logo

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабында ауыс-түйіс болды

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабында ауыс-түйіс болды

ҚФФ баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабындағы өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына Константин Горовенко мен Елдос Ахметов қосылды.

21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бапкерлері Константин Горовенко мен Елдос Ахметов Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың көмекшілері болып тағайындалды. Ал Денис Мамонов жастар құрамасының бас бапкері болды», - деп жазады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Станислав Черчесов шәкірттері УЕФА Ұлттар лигасы аясында Австриямен кездеседі.



Күн шежіресі