logo

Қазақстан құрамасының Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне арналған алдын ала құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне арналған алдын ала құрамы жарияланды

8–10 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін беделді жарысқа әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы тіркелді.

Қазақстан құрамасы сапында келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Ерлер
— 60 келі: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сүнгат Нұрлатұлы
— 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатканов, Бауыржан Нарбаев
— 73 келі: Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин
— 81 келі: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов
— 90 келі: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
— 100 келі: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов
+ 100 келі: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер
— 48 келі: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Інкәр Құралбай, Тасним Абдуали
— 52 келі: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Супығалиева
— 57 келі: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
— 63 келі: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Құюлова, Дәмелі Асылханова, Асылжан Орынбасарова
— 70 келі: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
— 78 келі: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
+ 78 келі: Акерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берликаш, Назгүл Маратова

*Құрамда өзгерістер болуы мүмкін

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) Қазақстанда Grand Slam әлемдік сериясының кезеңін өткізу жөнінде төртжылдық келісімге қол қойған болатын. Келісімге сәйкес, биыл турнир елімізде осы келісімшарт аясында төртінші әрі соңғы рет өтеді.

IJF ережелеріне сай, бұл жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында әлемдік және Олимпиадалық рейтингке ұпайлар үлестіріледі. Атап айтқанда, 1-орынға — 1000 ұпай, 2-орынға — 700 ұпай, 3-орынға — 500 ұпай беріледі.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде дзюдошылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинайды.



Күн шежіресі