Қазақстан құрамасының ойыншысы допингпен ұсталды
«Торпедо» хоккей клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов үш жылға спорттан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+ «Головой об лед» арнасына сілтеме жасай отырып.
Азия чемпионатында тапсырылған допинг сынамада тыйым салынған дәрінің құрамы анықталған.
Қазақстан құрамасы мен Өскеменнің «Торпедосына» ойыншының алаңға шығуын тоқтату туралы хабарлама келген. Қазіргі уақытта хоккейші комиссия шешімін күтуде.