logo

Мәди Диханбек КХЛ-дегі дебюттік матчын өткізді

Мәди Диханбек КХЛ-дегі дебюттік матчын өткізді

«Барыс» Бірінші арна кубогына байланысты үзілістен кейін маусымды «Динамомен» сырт алаңдағы матчтан бастап жалғастырды, деп хабарлайды Sport+.

Төртінші звенода 23 жастағы қорғаушы Мәди Диханбекке орын табылды. Бұл матч хоккейші үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюті болды.

Маусым басында ол Ұлыбританияның «Файф Флайерз» клубында ойнап, Британ элиталық хоккей лигасының чемпионатында 16 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берген. «Барыс» Мәди Диханбекпен маусым соңына дейін екіжақты келісімшартқа қол қойған болатын.