logo

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы КХЛ клубында лауазымға ие болды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы КХЛ клубында лауазымға ие болды

«Сибирь» кеңесінің төрағасы және Новосибирск облысының губернаторы Андрей Травников жаңа басшылықты командаға таныстырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Новосибирсктік клубытың бас директоры лауазымында Кирилл Фастовскийді Лев Крутохвостов алмастырды.

Еске салайық, 2004 жылдан 2008 жылға дейін Лев Крутохвостов Қарағанды мен Сәтпаевтың «Қазақмыс» командасында ойнап, Қазақстан чемпионы және ВХЛ қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ ол 2007 және 2008 жылдардағы әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсетті. 45 жастағы маман Новосибирск түлегі болып табылады.