logo

Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына жақындай түсті

Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына жақындай түсті

Қазақстан құрамасының қарсыластары Испания мен Грекия United Cup турнирінде өзара кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Грекия Испанияны 2:1 есебімен жеңді. Грекияға жеңіс әкелген ұпайларды Стефанос Циципас жеке өзі және Мария Саккаримен жұптасып ойнап, қамтамасыз етті.

Қосымша көрсеткіштердің арқасында Қазақстан құрамасы өз тобында Грекиядан озып тұр. Ал Испания екі матчта да жеңіске жете алмай, соңғы орынға тұрақтады.

Турнирдің ширек финалына топ жеңімпаздары болып табылатын 6 команда және екінші орын алғандар арасындағы 2 үздік ұжым өтеді.