Елена Рыбакина: Өзімді жақсы сезінемін және жарысқа дайынмын
Әлемнің алтыншы ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жаңа бапкері Горан Иванишевичпен жұмысын және United Cup — 2025 турнирінің басталуына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
«Оның элиталық ойыншы ретіндегі тәжірибесінен көп нәрсе үйреніп жатырмын, бұл маған үлкен көмек береді деп ойлаймын. Физикалық тұрғыда өзімді жақсы сезінемін және жарысқа қатысқым келеді. Бузас Манейромен бұған дейін ойнаған емеспін, бірақ бұл оңай болмайтынын білемін. Себебі қатты джетлаг әсері бар және мұндағы (Пертегі) жағдайлар, әсіресе ыстық ауа райы, өте ерекше», — деп Рыбакинаның сөзін Punto de Break келтіреді.
United Cup — 2025 турнирі 27 желтоқсанда басталады. Елена Рыбакина алғашқы матчын жарыстың алғашқы күнінде испандық Джессика Бузас Манейроға қарсы өткізеді.